FaLang translation system by Faboba

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

авиациялық индустрия

«Қазақстандық авиациялық индустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылғы 24 шілдеде құрылды.

«Қазақстандық авиациялық индустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жалғыз қатысушысы «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы (Kazakhstan Engineering) болып табылады.

«Қазақстандық авиациялық индустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі авиациялық техниканы өндіру, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету және сатуға мамандандырылған.

Компанияның лауазымды тұлғалары

Данияр Шәріпұлы Амангильдин

Бас директор

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, Еуразия нарық институтын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша аяқтады. Сондай-ақ Вестминстер университетін, Лондонның дипломатиялық академиясында білім алған. Алматының банкілік оқыту орталығында «Құнды қағаздар мен бағалы металлдардың сауда-саттығы» мамандығы бойынша және Токиодағы Japan’s Economic Cooperation and OECF EBRD Training Program-да «экономика» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Өзінің еңбек өтілін Данияр Амангильдин Қаскелендік мәдени ағарту училищесінде Қастеев атындағы ҚазКСР Мемлекеттік өнер мұражайының қор сақтау бөлімінде бастаған. Әр жылдары «Тексако Банк» ЖАҚ, «Мұнай-Импекс» ЭЖҚ» ЖШС, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ-да жетекші лауазымдарда жұмыс атқарды. Ағылшын және француз тілін меңгерген.

Компанияның лауазымды тұлғалары

Әлия Ғабдоллақызы Шаяхметова

Өндірістік-диспетчерлік бөлімінің бастығы

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (Қарағанды қ.) «Ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша, білігтілігі - «инженер-жүйе технигі», М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалын (Алматы қ.) «Экономика және басқару» мамандағы бойынша, «Қазақстандық стандартизация және сертификация институты» РММ (Астана қ.) «Сапа менеджмент жүйесінің ішкі аудиті бойынша мамандарды даярлау» мамандығы бойынша, біліктілігі - «ішкі аудитор», «Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті» ЖКБ МОМ (Мәскеу қ.) «Ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйелері» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді оқуды аяқтады. Еңбек өтілін «ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ, НИПИЦВЕТМЕТ (тау-кен және металлургиялық компаниясы) бастаған, одан кейін «ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ААҚ, «БОРЛЫ» КӨМІР ДЕПАРТАМЕНТІ (тау-кен және металлургиялық компаниясы, Қарағанды қ.), «ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ (ғарыштық жобалар, Астана қ.) еңбектенді. Бүгінгі таңда «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС-де, Нұр-Сұлтан қ. Өндірістік-диспетчерлік бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді.

Жаңалықтар, оқиғалар, қорытындылар

Қазақстандық авиациялық индустрияның (KAI - «Қазақстан инжиниринг» АҚ еншілес кәсіпорны) бір топ мамандары ұшқышсыз басқарылатын аппараттар жүйесі өндірісінде оқу үшін Израильге жіберіледі. Олар оқу...
Толығырақ
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түркия Республикасына жұмыс сапары аясында 11-ші қазақстандық-түркиялық үкіметаралық экономикалық комиссиясының жұмысына қатысқан болатын. ...
Толығырақ
Бүгін елордада Ұлттық біліктілік кеңесінің «Машина жасау және металл өңдеу» саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ...
Толығырақ
«Қазақстандық авиаиндустрия» ЖШС мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау аясында ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын шығару туралы және техникалық қызмет көрсету жөнінде «Elbit Systems Ltd.» (Израи...
Толығырақ